Ата-бабаларымыз «Ырық бітік» трактатын болашақты болжау үшін әрі тылсым күштермен байланысқа түсу үшін пайдаланды.
Ерекше заманауи пайымдаулар терең мазмұнды даналық жазбасымен сусындауға мүмкіндік береді.
Карта біріншіден, көшпенділер мәдениетінің дерекөзі болса, екіншіден, әрбір адамның өз түйсігімен, түпсанасымен қатынасқа түсу жолы. Жиынтық көне мұра «Ырық бітік» жазбасының визуальды түсініктемесімен танысудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Карталардың тиімділігін ерекше атап өткім келеді. Оларды топпен жұмыс істегенде және жеке қолдану мүмкіндігі бар. Өзінің әмбебаптығының арқасында, карталарды әр мақсатқа, мысалы, медитацияға, тренингке, кеңес беруге, өзін-өзі тануға, оңай пайдалануға болады. Николай, Лаура, осындай құнды тарту үшін алғыс айтамын! Рухани даму, психология, дәстүрлерді пайымдау, өз жанын терең түсінуді қалайтын адамдарға Ырық бітік карталарын ұсынамын. Бұл карталар сіздің өміріңізді рухани азық пен жаңа әсерлі сәттерге толтырады. |
Жаңашылдықты сүйетін, әрі психологияға қызығатын, зерттеуші адам ретіндеменің көзім осы карталар жиынтығына түсті. Өнім расында өте сапалы әрі ізгі ниетпен жасалған. Сондай-ақ, карталарда белгісіз энергия көзі, құпия жасырылған. Бұл өзін-өзі тану үрдісінде терең үңілуге көмектеседі. Міндетті түрде жиынтықты пайдалану туралы кеңес алуды ұсынамын. Нәтижесі сізді таңғалдырады деп сенемін! |